Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтың орнынан түсуі жайында Жарлыққа қол қойды
21 ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің орнынан түсуі туралы Жарлыққа қол қойып, Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқаруды Асқар Маминге жүктеді
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Ұзақбайұлы Маминге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Жарлық мәтінінде.